ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ҮЛКЕН ТУР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

15:46, 18 ақпан 2020

Баянтау спорт кешенінде волейболдан әйелдер командасы арасында Ұлттық лига шеберлерінің үшінші үлкен тур ойындары басталды. Павлодарлық «Ертіс-Қазхром» командасы үшін алғашқы ойындар әр түрлі өрбіді.

Үлкен тур ойындарында «А» тобының командалары «В» тобындағы үздік шыққан құрамдармен кездеседі. Бірінші матчта «Ертіс-Қазхром» өскемендік «Алтай-2» клубымен ойнады. Бұл кездесуде біздің командаға ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Үш ойындағы есеп 25:17, 25:15 және 25:21. Келесі ойындағы қарсылас әлдеқайда мықтырақ болды. Плей-оффтың төрттігіне жолдама алу үшін күресіп жатқан «Алматы» командасы. Алдынғы ойындарда оңтүстік астанадан келген волейболшы қыздар, петропавлдық «Қуаныш» құрамасына есе жіберген. Сол себепті, «Ертіс-Қазхром» командасына қарсы кездесу, алматылықтар үшін жарысты жалғастыру үшін соңғы мүмкіндіктердің бірі болды. Бірінші партияда қонақтар бірден алға ұмтылды. Соған байланысты павлодарлық волейболшы қыздар қарсыластарын қуып жету үшін бар күштерін салды. 9:10, 13:16, 14:19, 19:23. Бірақ, бірінші партияның соңына қарай есеп айырмасы тең дәрежеде өтті. Сонда да партия соңында алматылық команда өз дегеніне жетіп, 30:28 есебімен ұтты. Екінші партияда да дәл осы ойын өрнегі қайталанды. Қонақтар ойын бастала сала алға ұмтылды. Ал павлодарлық қыздар есеп айырмасын қысқартуды көздеді. 4:7, 8:15, 16:20, 20:21. Екінші партия соңында біздің волейболшылар жеңісті жібермейтіндей көрінгенімен, «Алматы» командасы есе жібермеді. Есеп 25:21. Мұндай қарсыластан үш ойын қатарынан жеңіліп қалмау керектігін түсінген Ертіс-Қазхром, келесі партияда алматылықтарды ойсырата жеңді. 11:9, 21:10, 25:13.

Антонина Рубцова, «Алматы» ВК ойыншысы:

Павлодарлықтар біраз өзгерістер енгізіп, басқа ойыншыларды шығарды. Маған «Ертіс-Қазхром» командасындағы Бородай Екатерина қатты ұнады. Өте жақсы ойнады. Біздің ойыншылар соған қарсы бейімделіп жүргенде, екінші партияда ұтылып қалдық.

Өкінішке қарай, төртінші партияда ойын біздің пайдаға шешілген жоқ. Павлодарлық команда қарсыластарды тағы да алға жіберіп, ақыры жеңіліс тапты. Есеп 19:25. Ал «Алматы» командасы әлі де болса плей-оффқа жолдама алуға мүмкіндіктерін сақтап қалды.

Антонина Рубцова, «Алматы» ВК ойыншысы:

Біз үшін бұл жеңіс плей-оффқа шығуға үлкен мүмкіндік болды. Өте маңызды ойын. Павлодарлық команда мықты қарсылас. Осы маусымда олар ешкімнен жеңіліп көрмеген. Петропавл қаласында үлкен тур ойындары қарсаңында Қуаныш командасымен кездесу болады. Біз плей-оффқа шығу үшін жеңіске жетуіміз керек. Бұл біздің маусымдағы мақстамыз.

18 ақпанда «Ертіс-Қазхром» Өскеменнің Алтайымен, ал 19 ақпан күні Талдықорғанның Жетісуымен ойнайды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...