ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ШАХМАТТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

15:18, 9 қаңтар 2019

Жыл бастала шахмат шеберлері Павлодарда бас қосты. Бұған себеп, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты. 2019 жылдың айтулы додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық спортшы жиналған. Тілшіміз толықтырады.

Ел чемпионаты Павлодар жерінде соңғы рет 6 жыл бұрын ұйымдастырылған. Араға сәл уақыт салып, Мәдениет және спорт министрлігі ой жүйрігін анықтай, қайта ат басын бұрды. Әр өңірден жиналған 680 спортшының арасында Азия және Әлем чемпиондары да бар. Айтулы дода 16-шы қаңтарға дейін жалғасады. 

ПАВЕЛ КОЦУР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

По составу Қатысушылары бойынша салыстырсақ, Қазақстандағы ірі додалардың бірі. Көптеген облыстар үшін есептік сайыс деп айтсақ болады. Біздің ең үздік бапкерлер өзінің менмін деген шәкірттерін әкеліп, өткен жылға есеп беруде.

6 мен 18 жас аралығындағы шахмат шеберлері үш бағыт бойынша жүйрікті анықтайды. Классикалық шахмат, жылдам шахмат және блиц. Барлық кездесулер ғаламтор желісі арқылы онлайн таратылады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 млн теңге.

ДАСТАН ҚАПАЕВ, ҚР ШАХМАТТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Чемпионатымыз өте тартысты болайын деп тұр. Өйткені Қазақстанның барлық өңірлерінен келді. Облыстардан, қалалардан. Мына семпионат әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына отбор болғасын, балаларымыз путевка алып, Қазақстанның намысын қорғайды. Чемпионаттың өзі тартысты болады. Мықты-мықты балалар бәрі келді.

Додаға жиналған жастардың жүздерінен толқу, жанарынан шабыт байқалады. Барлығы жоғары дайындықпен келген. Тек, бақ шаба ма, бап шаба ма, оны алдағы уақытта айтатын боламыз.

Автор: Зұлқарнай Ермұратұлы. Таспагер: Қанат Ахметжанов.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар