ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

Павлодарда ардагер арасында хоккейден турнир өтті

19:24, 13 наурыз 2018

Ардагер хоккейшілер қайта алаңға шықты. Осы сенбіде Павлодарда хоккейден ардагер спортшылар арасындағы чемпионат қорытындыланды. Финалдық кезеңде «ПНХЗ» және Астана мұз сарайының командалары кездесіп, тартысты ойын өткізді.

Соңғы жылдары хоккейден ардагерлер арасындағы турнирдің танымалдығылығы артуда. Тартысты ойынды тамашалауға жиналатын жанкүйерлердің де қарасы көбейіп келеді. Ал ойыншылардың өздері болса, маңызды кезеңге тыңғылықты дайындалғандарын айтады. Ардагер хоккейшілер әлі де мұз үстінде әдемі ойын өрнегін көрсетуге даярмыз дейді.

ИГОРЬ КИРИЛЛОВ, «ПНХЗ» хоккей командасының қорғаушысы

Аптасына үш мәрте кездесіп, жаттығу жүргіземіз. Барлық ардагерлер қосылып, өстіп дайындалып отырамыз. Жаттығуда кәдімгідей ойын өткізіп, өзімізді бабымызда ұстаймыз.

Хоккей таяғын әлі қолынан тастамаған спортшылар жастарға үлгі. Ал кездесуде келер болсақ, ойын тартысты сәттерге толы болды. Алайда, «ПНХЗ» басымдық байқатып, бұл ойында Астана мұз сарайының командасын 6:1 есебімен ұтты.

Жарыс жеңімпаздарына дәстүрге сай кубок табысталды. Маусымдық үзілістен кейін чемпионат қайта басталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...