ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12:03, 9 шілде 2020

Павлодар облысы бойынша Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мерейтойына арналған 300-ден астам іс шара жоспарланған. Ал, елдегі эпидемиалогиялық жағдайға байланыста шаралар онлайн түрде өтуде. Осы ретте, жергілікті спортшылардың арасында онлайн марафон ұйымдастырылды. Оның алғашқы жеңімпаздары кімдер?

Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай аймағымызда  онлайн марафон бастау алды. Мұндай шараны өткізу туралы ұсынысты «Ertis Runners» спорттық жүгіру клубы білдіріліпті. Сондай-ақ, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдау көрсетті. Марафон жарияланған күннен бастап 540-тан аса адам тіркелген. Ал, бүгін 175 шақырымды жүгіріп өткен алғашқы жүйріктер марапатталды.

Ернұр Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Бұл марафонның басты мақсаты - Абай Құнанбайұлының туған күніне дейін, яғни 1 шілдемен 10 тамыз аралығында 175 щақырымды жүгіріп өту керек. Ол үшін арнайы бағдарлама жасалып, сол арқылы мониторинг жүргізіледі. Біз бүгін сол марафонның алғашқы финалистерін марапаттайық деп жиналып отырмыз.

Бұл марафонның алғашқы жеңімпаздары. Олардың үшеуі Павлодар қаласының тұрғындары болса қалған бір спортшы Орал қаласынан. 175 шақырымды жүгіріп өткендердің бірі - Андрей Депцов. Ол діттеген мақсатына 3 күннің ішінде жеткен. Күнде таңертен және кешкі уақытта 70-80 шақырымды еңсерген.

Андрей Депцов, онлайн марафонның жеңімпазы

Мен онлайн марафонға қатысып, ұлы тұлға Абай Құнанбайұлының құрметіне 175 шақырымды жүгіріп өттім. 175 шақырымды жүгіріп өту оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ, мен бұған дейін де мұндай шақырымдарды бағындырған едім. Барлығы жақсы болды, ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.

Жүгіру сайысы әлі де жалғасын табады. Марафонға қатысушылар үшін арнайы талап жоқ, тіпті, жас ерекшеліктеріне де шектеу қойылмаған.

Ақмарал Есімханова, «Еrtis runners» клубының мүшесі, ұйымдастырушы:

Біз негізі бастапқыда онлайн-марафон сондай кең ауқымда өтеді деп ойламаппыз. 150 адам қатысады деген ой болды. Дегенмен, қазіргі таңда олардың қатары 500 ден асып кетті. Онлайн-марафон арқылы әлемге, барша жұртқа асыл қазынамыз Абайдың бар екенін жеткізгіміз келді.

Бұл жоба облыстық деңгейде өткізілгенімен, басқа да өңірлерден де қызығушылық танытқандар болды. Айта кетейік, жеңімпаздарды анықтау ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы жүргізіледі. Яғни, барлығы да онлайн форматта. Ал, жеңімпаздардың алғашқы легі  медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар