ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ

12:58, 26 наурыз 2020

Бокстан Ұлттық құраманың мүшесі, Токио Олимпиадасына жолдама алған Серік Теміржанов қазір Павлодарда.

Амманда өткен құрлықаралық жарыстар біздің спортшы үшін тосын сыйға толы болды. Былғары қолғап шебері ол жерде үш кездесу өткізіп, қола жүлдемен қоса Токиода өтетін олимпиада ойындарына берілетін жолдаманы қалтасына салып қайтты. 

Серік Теміржанов, бокстан Қазақстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Арнайы лицензионный турнирлер жасадық. Барлығымыз Ұлттық құрама болып, астанада, Алматыда бірнеше сбролар өтті. Куба құрамасы, Жапония құрамасы, соларменен барлығымыз біріккен Англия барлығы бірігіп, бір-бірімізбен опыт алмастық. Мықты-мықты боскшылар келді. Кубаның олимпиада чемпиондары келді. Әлем чемпиондары келді.

Серік Теміржанов финалда былтырғы жылғы әлем чемпионы өзбек спортшы Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасқан болатын. Бірақ, қарсыласының бағы басым түскен еді. Амманда өткен ауқымды жарысқа 35 команданың сайыпқырандары қатысты. Павлодар облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажановтың айтуынша, сайыстағы сайдың сақа тасындай жігіттердің дайындығы мығым болған көрінеді.

Азамат Мақажанов, облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры:

Бұрын 69 келі салмақ бойынша финалда тек қазақстандық боксшылар мен өзбекстандық сайыпқырандар жолығатын. Ал, бұл жолы 75 келі салмақ дәрежесінде Филиппин мен қазақстан спортшысы жұдырықтасты. Ал, Васили Левитпен Индонезялық жігіт кездесу өткізді. Ал, Бекзат Нұрдаулепов Австралиялыққа қарсы өнер көрсетті. Қазір Азиядағы қарсыластарымыз өте қарқынды. Дайындықтары жаман емес.

Иә, олимпиадаға жолдама алу үшін тынымсыз тер төгілгені белгілі. Ал, әлемдік аренада Ел намысын түсірмей, байрағын биік ұстау үшін, бұдан асқан дайындық пен төзімділік қажет. Сондықтан, жерлесіміз жаттығудың қамына білек сыбана кіріспек.

Азамат Мақажанов, облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры:

Дайындықтың барлығы күнтізбелік кестеге сай жүргізіледі. Бізде қазір бас бапкер бар. Олимпиада ойындарына барар кезде барлығы ақыл кеңестерін айтьып отырады. Арнайы ғылыми топ та құрылған. Алла қолдаса Токиодан да олжалы оралатын боламыз. Бірақ, қазіргі жағдайға байланысты жарыстың қашан өтетінінен хабарымыз жоқ. Барлығы жақсы болса екен.

Қазіргі таңда Серік Теміржанов демалыста. Аммандағы жарыстан кейінгі аптығын басқан соң, сәуір айында қолына былғары қолғабын қайта киетін болады. Ал, сізбен біз Токио олимпиадасында спортшымыздың айы оңынан туып, жұлдызы жануына тілекші болайық.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:03, 9 шілде 2020
ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар