Қазақстанда жаңа спорттың түрі пайда болмақшы

18:05, 14 ақпан 2017   315

Қазақстанда жаңа спорттың түрі пайда болмақшы. Казнетте Мұз үстіндегі «қыз қуу» қызу талқыға түсіп те кеткен. Ертеде жігіттер қызды атпен қуып жетердей сынға түссе, бүгінгінің жігіттері мұздың үстінде конькимен қуып жетуге әзір екендіктерін айтып әңгімелері жарасып жатқанға ұқсайды. Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері бұл ойларын іске асыру мақсатымен  шағын бейнеролик түсіріп әлеуметтік желіге салып таратқаны сол-ақ екен, спорттың бұл жаңа түрін басқа аймақтардың студент жастары да қолдай кеткен. Тіпті, Казнетте бұл қызығушылығын жасырып қала алмаған. Идея авторлары аталған университеттің студенттері Раушан Мухина мен Дидар Бауыржанов бұл ойдың оларға аяқасты келгенін айтады. Алдағы уақытта еліміздің әр өңіріндегі жастар бір-бірден ұлттық дәстүрімізді жаңғырта да алатын, сондай-ақ, заманауи спорт түрін ойлап таба берсе жақсы емес пе? - дейді, студенттер. Сіздер қалай ойлайсыздар, желіде өз ойларыңызбен бөлісе жүріңіздер!

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26