ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ХОККЕЙШІЛЕР ҚАТЕЛІКТІ ТҮЗЕТТІ

11:42, 17 наурыз 2020

Плей-оффты жеңіліспен бастаған «Ертіс» хоккей клубы жағдайларын жақсартып алды. Қазір сериядағы есеп 3:2 павлодарлықтардың еншісінде.

Плей-оффтың алғашқы екі ойынын өз айдынында өткізіп екеуінде де жеңіліп қалған «Ертіс» хоккейшілері, талайды таң қалдырғаны рас. Өйткені, чемпионат бойы турнирдің көш басында жүрген команда плей-оффта Теміртауға жол береді деп ешкім ойламаған. Дегенмен, Павлодардағы екі кездесуде жеңілгенімен, «Ертіс» хоккейшілері Теміртауда екі ойынды ұтып жағдайды түзеткен. Павлодарда өткен бесінші матч тартысқа толы болды. Негізгі және овертаймда 3:3 есебімен командалар мықтыны булит сериясында анықтады. Денис Гурьевтің соққан шайбасы павлодарлықтарға жеңіс сыйлады. Келесі, алтыншы ойын 17-ші наурыз күні Теміртауда өтеді. «Ертіс» жеңсе келесі кезеңге шығады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР
11:33, 21 мамыр 2020
ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...