ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

10:57, 30 маусым 2020

Біздің өңірде алдағы бес жылда футболды дамытуға арналған жаңа тұжырымдама жасалды. 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламалық құжатта бірқатар жаңашылдықтар бар.

Тұжырымдаманың басты мақсаты Павлодар облысы тұрғындары арасында футболды дамыту мен насихаттау. Футболды дамытудың бірқатар бағыттары көрсетілген. Оның ішінде облыстық футбол федерациясын қайта жүктеу бар. Тараптар әрекетінің ашықтығы, балалармен жасөспірімдер футболы, студенттер мен жастар футболы, бұқаралық және әуесқой футболды дамту секілді негізгі бағыттары бар.

Айбек Жұматов, футбол жанкүйері, журналист:

Концепциямен танысып шықтым. Жалпы алғанда, жақсы деп қабылдауға болады. Неге десеңіздер, өйткені көп нәрсе айтылған. Бұрын болмаған мәселе мынау клубтардың ашықтығы, одан кейін жергілікті футболшылардың мәртебесін өсіру, оларды көбірек тарту деген сияқты. Бұның бәрі құлаққа қонымды, көңілді көншітеді деуге болады.    

Бес жылға жоспарланған футболды дамыту туралы құжат әлі қабылданған жоқ. Тұрғындардың талқылауына ұсынылды. Сондықтан да, спортқа соның ішінде футболға бей-жай қарамайтын кез-келген адам өз ұсынысын енгізе алады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:03, 9 шілде 2020
ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар