ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

17:49, 28 маусым 2020

Облыс орталығындағы аулалардың бірінде орналасқан футбол алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Санаулы күндерден соң жаңа алаң тұрғындардың игілігіне беріледі. Естеріңізге сала кетейік, биыл пандемияға байланысты балалар және спорт алаңдарының құрылысы кешеуілдетіп басталған еді. Биылғы жылы өңірде қанша алаң жаңартылады?

Бұл футбол алаңы Торайғыров көшесіндегі 28-ші үйдің ауласында орналасқан. Ағымдағы жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік жағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айының 22-де басталған болатын. Жоспар бойынша 1-ші шілдеде аяқталуы тиіс.

Дәуір Ерғабылов, қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Алаңның бұрынғы жабындысы ескіріп кеткендіктен ауыстырылды. Жаттығу жасауға мүлдем қолайсыз болды. Жаңа футбол жабындысын төсеуге 5 млн 300 мың теңге бөлінді.

Бөлім басшысының сөзінше аталмыш спорт алаңы өте сұранысқа ие. Бұл жерде күніне 200-ден астам адам жаттығады. Жақын маңдағы спорт клубының тәрбиеленушілері де осында дайындалатын көрінеді.

Дәуір Ерғабылов, қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Сонымен қатар, ағымжағы жөндеу жұмыстары аясында жердегі жасанды көгал ауыстырылып, тор қоршауы боялады, ауласы абаттандырылады. Сондай-ақ, жақын орналасқан стритбол алаңында қамтуды жоспарда бар. Және Назарбаев даңғылындағы 204-ші үйдің және Гагарин паркі маңындағы футбол алаңына жөндеу жүргізіледі.

Биыл спорт алаңдарын күтіп-баптауға, қалпына келтіруге 53 млн теңге бөлінген. Тұрғындар тарапынан ойын алаңдарын жөндеуді талап ететіндігі туралы хабарламалар күнделікті келіп түседі, - дейді мамандар. Олардың барлығы жоспарға енгізілген. Алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Атқарылар жұмыс көп, тек, сәл шыдамдылық таныту керек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:03, 9 шілде 2020
ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар