«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф ойынына жолдама алды

17:46, 3 тамыз 2017

«Астана» футбол клубы Полшаның «Легий» командасымен ойнап, Чемпиондар лигасының плей-офф ойынына жолдама алды. УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы ойын өткізген астаналықтар өздерінің басты көздеген мақсаттарына жетті.

Отандық «Астана» футбол клубы Полшаның «Легий» клубымен бір алаңда кездесіп, Чемпиондар лигасының плей-офф ойынына жолдама алды. УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы ойын тамыз айының 2-сінен 3-іне қараған түні Варшава қаласында өткен болатын. Қазақстандық белгілі бапкер Асқар Қожабергеновтың айтуы бойынша «Астана» өзінің басты көздеген мақсатына жетті. Ол польшалықтармен тепе-тең ойын көрсеткендігін айтуда.

1-ші таймда екі клуб бірдей дәрежеде ойын көрсетті. Ал 2-ші таймда Польша елінің футболшылары Отандық клубқа қысым көрсетіп жіберді. Қарсылас команданың дөп шабуылдары аяқ допшылардың әжептеуір күшін сарқыды. Соның өзінде, біздің ойыншылар ойыннан қалыспай, қақпаны соңына дейін қорғап бақты. Мамандардың айтуынша, қазақстандық футболшылар допты өз қақпасынан алысырақ ұстап, сауатты ойын көрсете алды. Ал Логвиненкомен жақсы ойын көрсеткен Аниничтың жарақаты да, команда үшін алаңдатарлық жайт. Дегенмен де, «Марибор» словениялық командамен бір алаңға түссек, жеңіс біздің қанжығамызда боларына сенімдімін!» - дейді Асқар Қожабергенов.
 

Тақырып бойынша материалдар

«Сауран» жасөспірімдер клубындағы бокс шеберлері
19:42, 13 қазан 2017
«Сауран» жасөспірімдер клубындағы бокс шеберлері
Толығырақ...
Қыркүйек айында Қазақстанның хоккей чемпионаты басталды
19:27, 20 қыркүйек 2017
Қыркүйек айында Қазақстанның хоккей чемпионаты басталды
Толығырақ...
«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров қызметінен кетті
14:33, 11 тамыз 2017
«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров қызметі...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
18:49, 18 қазан 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
Толығырақ...
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
19:05, 17 қазан 2017
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
Толығырақ...