ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕРТІСТІҢ ТЕҢ ОЙЫНЫ ЖЕҢІСПЕН БІРДЕЙ

19:39, 19 тамыз 2019

Өткен демалыс күндері Премьер лиганың 23-тур ойындары өтті. Ертіс үшінші айналымды Тобылға қарсы кездесумен бастаған. Қос команда бір біріне гол соға алмай тең тарқасты. Осылайша павлодарлықтар көптен қол жеткізе алмай жүрген бір ұпайға ие болды.

Павлодарлық аяқдопшылар екінші айналымның соңғы матчын өз алаңында дәл осы қостанайлықтармен өткізіп 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Сондықтан да елдегі букмекерлік компаниялар Тобылдың жеңісіне сенімді болды. Алайда, 90 минут бойы тартысқан қос команда бір біріне гол соға алмай тең тарқасты. Сырт алаңда бір ұпай ғана иеленге Тобыл көш басындағы орнынан сырғып, турнир кестесінің екінші орнына түсіп қалды. Ал, сырт алаңда Таразды ұтқан Қайрат 47 ұпаймен бірінші орынға шықты. Тобылда 46 ұпай. 44 ұпаймен үшінші орында тұрған Астананың қосымша бір ойыны бар. 23-турда бір ұпай алған Ертіс 11-орыннан көтерілген жоқ. Павлодарлық команда келесі ойынын 25-тамыз күні сырт алаңда көш соңындағы Ақтөбемен өткізеді.    

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҮЛКЕН ТУР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
15:46, 18 ақпан 2020
ПАВЛОДАРДА ҮЛКЕН ТУР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...