ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ЕРТІСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢА ФУТБОЛШЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

13:16, 14 қаңтар 2020

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Павлодардың «Ертіс» футбол командасы бірқатар жаңа ойыншылармен келісім шарт жасасты. Олардың қатарында аргентиналық, черногориялық, грузиялық және беларустық футболшылар бар.

Павлодарлықтар алғашқы жолдастық кездесуін түркімен командасымен өткізеді. «Ертіс» футбол командасы әдеттегідей жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын Түркия елінде өткізіп жатыр. Команданың құрамында өзгертістер көп. Қатары жаңа ойыншылармен толығып жатыр. Мәселен, аргентиналық 30 жастағы Пабло Подиомен келісім шарт жасалды. Орталық жартылай қорғаушы соңғы екі маусымды Чехияның «Фастав» командасында ойнап, 49 матчта, 2 гол соғып, 4 ассист жасаған. Сонымен қатар, черногориялық Боян Санкович команданы толықтырды. 26 жастағы балқан түбегінің футболшысы кейінгі алты жыл бойы Мажарстанның «Уйпешт» командасында доп тепті. 163 матчта 4 гол соғып, 4 ассист жасаған. Сондай-ақ, «Ертіс» командасы грузиялық шабуылшы Леван Куталия мен белорус қақпашысы Сергей Черникпен келісім жасасқан. 30 жастағы форвард  өз елінің командаларында және шетелдік клубтарда ойнаған. Мәселен, 2008-2011 жылдары ол Босния және Герцеговинаның «Славия» және «Зриньски Мостар» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымды шабуылшы Тбилисидің «Динамосында» 33 матч өткізіп, 20 гол соққан. Сонымен бірге, ол "Динамоның" сапында 2019 жылғы Грузия чемпионы атанды. Белорусиялық қақпашы Сергей Черник әйгілі «БАТЭ» клубынан ауысып келді. Борисов командасында барлығы 109 матчта алаңға шықты. Оның ішінде Чемпиондар лигасында 23 матч өткізген. Естеріңізге сала кетсек, «Ертіс» биылғы алғашқы жолдастық кездесуін 18-қаңтарға жоспарлап отыр. Қарсыласы Түркіменстанның «Ахал» командасы. Бұдан өзге, клубтың баспасөз қызметі 24 қаңтарда ресейлік «Олимппен» кездесетінін хабарлайды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...