ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕРТІС ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

14:51, 21 қаңтар 2020

Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Павлодардың Ертісі, биылғы алғашқы бақылау матчын өткізіп, Түркімен чемпионытының күміс жүлдегері «Ахал» командасын жеңді.

«Ертіс» бас бапкері Милан Миланович бірінші таймда Александр Заруцкий, Рафкат Аслан, Марко Томич, Милош Стаменкович, Арман Нүсіп, Артём Попов, Пабло Подио, Тимур Байжанов, Карлос Фонсека, Руслан Мингазов, Леван Куталия секілді ойыншыларды алаңға жіберді.

На 21 минутта стандартты ойынды сәтті пайдаланған Артем Попов, Ертісті алға шығарды. Алайда, гол соққан сәтте өзі де жарақат алып қалып, ары қарай ойынды жалғастыра алмады. Оның орнына бақылауда жүрген Дмитрий Мандриченко шықты. 41 минутта түркімен футболшылары сәтті қарсы шабуыл ұйымдастырып есепті теңестіріп кетті. Арада төр минут өткенде павлодарлықтар тағы да алға шықты. Түркімендік лигонер Руслана Мингазовтың тепкен добын қонақтар қақпашысы дәл Тимур Байжановтың аяғына салып берді. Ол мүмкіндікті мүлт жібермеді. Екінші тайда алаңға Сергей Черник, Данил Кузнецов, Павел Баркунов, Әліби Тасболатов, Сансызбай Жаңатұрмысов, Изат Күлжанов, Денис Красноперов, Арман Смаилов, Батыр Құдайбердинов және Дмитрий Мандриченко шықты. 85 минутта Ахал қақпашысы тағы қателесті. Дмитрий  Мандриченко есепті 3:1-ге жеткізді. Ертіс келесі жолдастық кездесуін 24-қаңтарға жоспарлап отыр. Қарсыласы ресейлік «Олимп» командасы.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ



 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...