ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

«ЕРТІС» ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ АЛҒА ШЫҚТЫ

13:20, 14 қаңтар 2020

«Ертіс» хоккей командасы өз айдынында екі матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Әйтсе де, екінші орында тұрған «Арланның» қосымша төрт ойыны бар.

Шайбалы хоккейден өткен демалыс күндері Қазақстанның ашық чемпионаты жалғасты. «Ертіс» өз айдынында Ташкенттің «Хумо-2» командасын қабылдаған болатын. Сенбі күнгі бірінші кездесуде 9:3 есебімен ойсырата ұтты. Матч 27 минутқа дейін тең дәрежеде өтті. Ертістің үш шайбасына өзбекстандық хоккейшілер екі голмен жауап қайтарып, есепті қысқартқан. Дегенмен, бұдан кейін павлодарлықтар ойын жүйесін өз қолдарына алып, қарсыластың қақпасына шайбаны бірінен кейін бірін тоғытты. Хумо ойыншылары әупірімдеп үшінші шайбаларын соқты. Келесі күні де «Ертіс» хоккейшілері дес бермей, 5:1 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді. Осы жеңісінен кейін 93 ұпай жинаған павлодарлық команда әзірге турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Десе де, 92 ұпаймен екінші сатыда тұрғын Көкшетаудың «Арланында» қосымша төрт ойыны бар. Олар 40 ойын ойнаған. «Ертіс» келесі кездесулерін 16-17 қаңтар күндері Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті «Астана» командасымен өткізеді.   

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...