ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«ЕРТІС» ТЕМІРТАУДА ЕКІ ҰПАЙ АЛДЫ

14:24, 23 қаңтар 2020

Шайбалы хоккейден Қазақстан ашық чемпионатының көшбасшысы павлодарлық «Ертіс» клубы кезекті ойындарын Теміртау қаласында өткізді.

Жергілікті «Теміртау» клубымен кездескен павлодарлықтар бірінші ойында жеңіліп, екінші ойында есе қайтарды. Бірінші кезеңнің 12-ші минутында алаң иелері қонақтардың қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. 30-шы минутта таблодағы есеп мүлде 4:0-ге жетті. Бірақ үшінші кезеңнің басында 3,5 минут ішінде, «Ертіс» хоккейшілері Евгений Гасников, Александр Куршук пен Андрей Демидовтың күшімен есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, металлургтер қаласының командасы өздерінің бұл есептерін сақиап қана қоймай, соңғы минутта «Ертіс» қақпасына бесінші голды соқты. Ойынның соңғы 73 секундын «Ертіс» қақпашыны алып тастап, алты ойыншымен ойнады. Дей тұрғанмен, есеп өзгермеді. 5:3 нәтижесімен «Теміртау» жеңіске жетті. Ал, келесі күнгі екінші ойында «Ертіс» овертаймда жеңіске жетіп, есе қайтарды. Теміртаулықтар ойын басында алға шыққанымен, Ертіс ойыншылары есепті теңестіріп кетті. Жалпы, ойын бойы командалар шайба алмасумен болды. Негізгі уақыттағы есеп 3:3. Овертаймның 15-ші секундында павлодарлық хоккейші Игорь Черкасов жеңіс шайбасын соқты. Осылайша, павлодарлықтар екі ойын қорытындысы бойынша екі ұпай еншіледі. Ертіс келесі кездесулерін 30-31 қаңтар күндері өз айдынында Қызылжардың Құлагерімен өткізеді.  

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...