ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«ЕРТІС» КЛУБЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛДЫ?

22:43, 3 тамыз 2020

Соңғы күндері әлем желіде Павлодарда жаңа футбол клубы құрылғаны жайлы ақпарат желдей есіп жүр. Бірақ, бұл жалған ақпарат. Бұдан бөлек, Ертіс командасы түбегейлі жоғалмайды. Ал, Павлодар облысының намысын ел чемпионатында «Ақсу» командасы қорғайтын болады.

Қазақстанның бес дүркін чемпионы, төрт мәрте күміс, алты рет қола медаль жеңіп алған елдегі ең атақты футбол клубы, павлодардың «Ертіс» командасы айналасындағы дау дамай толастар емес. Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа онлайн брифингте нүкте қойылды. 

Нұрлан Есембаев, туризді және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Айта кету керек, Ертіс футбол клубы әрі қарай жұмысын жалғастырады. Ол банкротқа ұшыраған жоқ. қаржылық жағынан да ешқандай өзгеріс жоқ.

Өңірде «Павлодар» деген атаумен қоғамдық қор құрылып, сол атаумен футбол клубын жасақтамақ болған. Әзірге, тек қоғамдық ұйым ретінде тіркелгені болмаса оның мақсат мүддесі мен тұжырымдамасы жоқ. Сондықтан, «Павлодар» командасының жақын уақытта облыс атынан қатыса қоюы неғайбыл. Ал, Ертіс командасының бұрынғы ойыншыларының кейбірі Екібастұз құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр.

Нұрлан Есембаев, туризді және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бүгінгі Ертістің ойыншылары Есімов пен Попов олар қазір Екібастұзда. Они ведут переговоры что бы, играть в Экибастузе.

Павлодар облысының намысын келер жылдан бастап «Ақсу» футбол клубы қорғайтын болады. Олар ойынды екінші лигадан бастайды. Әзірге бюджеті 45 млн теңге. Ойыншылардың жалақысы дәрежесіне қарай 60 мыңнан 300 мың теңге аралығы. «Ақсу» футбол клубымен қатар, Екібастұз командасы да аймақ намысын қорғайтын болады. Олар қазір бірінші лигада бақ сынауда. Ал, Павлодар облысының негізгі командасы әзірге «Ақсу» болмақ.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар