ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

"ЕРТІС-КАЗХРОМ" ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ 3-ШІ ОРЫНДА

19:42, 25 желтоқсан 2018

Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры өз мәресіне жетті. "Ертіс-Қазхром" командасы бес матчта 4 рет жеңіс тұғырынан көрінді.

Павлодарлық волейболшылардың кезекті қарсыласы "Қарағанды" командасы болды. Светлана Котованың  шәкірттері жеңіске жету үшін тартысты ойын өрнегін көрсетті. Бірінші кезеңде есеп 2:7 – ден 25:17 – ге дейін, екінші кезеңде 3:6-дан 25:13-ге дейін, ал үшінші кезеңде  5:10-нан 25:19-ға дейін жетті. Бұл біздің волейболшылардың үлкен жеңісі. Алдымен қарсыластардың қанжығасына ұпай  берілсе де, волейболшылар ұпайды  қуып жету үшін әрекет етті.

КРИСТИНА КАРАПЕТЯН,  «ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ

Шын мәнінде бұл қызықты ойын болды.  Біз  жауапты сәттерде қажетті ұпайды жоғалтып, қателік  жібердік. Бірақ, барлық ойыншылардың  жақсы ойын көрсету үшін тырысып жатқанына қуаныштымын!

"Ертіс-Қазхром" командасы өз алаңында "Алматы" және "Астана" командаларымен екі кездесу өткізеді.  Турнир кестесінде павлодарлықтар  26 ұпаймен 3 орынды иеленді.

 

Бақытнұр ШЕРІКБАЙ, Мұрат ӘБІЛМАЖИТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар