ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ЕРТІС-ҚАЗХРОМ» ҮШ ОЙЫНДА ЖЕҢДІ

16:04, 27 қараша 2019

Өскемен мен Қарағандыда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының шағын кезеңі өтіп жатыр. Қарағандыда «А» тобындағы барлық ойындарда «Ертіс-Қазхром» волейболшылары жеңіске жетті.

«Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды» клубы арасындағы ойын тартысты өтті. Павлодарлық Светлана Котова ойыншылары жеңіс үшін жұдырықтасуға дайын екендіктерін көрсетті. Бұған қарағандылықтармен өткен кездесу айқын дәлел. Бірінші партияда Ертіс қыздары қарсылас команданы 25:17 есебіңде жеңді.  Екінші партияда «Ертіс-Қазхром» командасының жеңіске жететіндігі күмән тудырмады. Есеп 25:16. Үшінші партияда да жан алысып жан беріскен павлодарлық бойжеткендер, табандылықтарының арқасында жеңіске жетті. Келесі үлкен тур ойындары Талдықорғанда 12-16 желтоқсан аралығында өтеді. Турнир кестесінде «Ертіс-Қазхром» 23 ұпайымен үшінші орынға жайғасты.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Мұрат ӘБІЛМӘЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...