ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕРТІС ЕЛ КУБОГЫНДА ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

20:32, 11 сәуір 2019

Кеше футболдан ел кубогының 1/8 финалдық ойындары өтті. Бұл турнирге биыл тұңғыш рет қатысқан Ақсу командасы Павлодардың орталық стадионында Қостанайдың Тобылын қабылдап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал, «Ертіс» сырт алаңда «Ақтөбемен» айқасып, матчтан кейінгі пенальтиде жолы болған жерлестеріміз ширек финалға шықты.

Ертіс пен Ақтөбенің ойыны Қостанай қаласында өтті. Өйткені, Ақтөбенің алаңы матчтар өткізуге әлі дайын емес. Кездесу Ертістің шабуылдарымен басталды. 17 минутта оң қапталдан Станислав Лунин қақпаға қарай допты көтеріп берген. Қараусыз қалған жартылай қорғаушы Роджер Каньяс еш қиындықсыз допты қақпаға тоғытты. Арада 10 минут өткенде Ақтөбелік Абат Айымбетов есепті теңестіріп кетті. Екінші таймда Станислав Луниннің өзі гол соқты. Аслан Дарабаевтың пасын сәтті пайдаланып қақпашымен жеке шыққан Лунин, есепті 2:1 қылды. Алайда, «Ертіс» басымдықты тағы да қолдан шығарып алды. Тағы да сол Абат Айымбетов гол соғып «Ақтөбеге» үміт сыйлады. 2:2 есебімен 90 минут түгесілді. Экстра таймда екі команда бір бір гол алмасты. Алдымен Каспарс Дубра гол соғып «Ертісті» алға шығарса, 111 минутта ақтөбеліктер үшінші мәрте есепті теңестірді. Осылайша ойын 11 метрлік айып добына ұласты. «Ертіс» сапынан Каньяс, Витас, Фонсека өз мүмкіндіктерін мүлт жібермесе, павлодарлық қақпашы Антон Цирин ақтөбеліктердің қатарынан екі пенальтиін қақшып алып, командасына жеңіс сыйлады. Пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жеткен Ертіс ширек финалға жолдама алды.       

Димитар Димитров, «Ертіс» ФУК бас бапкері

Шынымен де естен тандыратын ойын болды. Екі жақтың да гол соғатын көптеген мүмкіндіктері болды. Қателіктер де көп болды. Оның бәрін кейін саралаймыз. Жалпы, ойын тең жағдайда өтті. Біздің жеңіліп қалуымыз да мүмкін еді.

Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойындары 8-мамырда өтеді. «Ертіс» бұл жолы да кездесуді сырт алаңда өткізеді. Ал, орталық стадионда Тобылдан жеңілген Ақсу командасы жарыс жолынан шығып қалды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
19:35, 3 сәуір 2019
ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...