ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕРТІС БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

11:47, 13 ақпан 2020

Көш басындағы көкшенің Арланын екі ойында жеңген павлодарлық хоккейшілер турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Кешегі жеңістен кейін Ертіс Арланнан екі ұпайға озып кетті. Әйтсе де, Ақмола облысының командасында қосымша екі ойыны бар.

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталуға үш аптадан аз уақыт қалды. Соңғы екі ойында өз айдынында топ басындағы Арланды жеңген Ертіс әзірге турнир кестесінде көш бастады. Павлодарлықтардың еншісінде 113 ұпай бар. Арлан екі ұпайға қалып келеді. Бірінші ойында көкшеліктерді 3:1 есебімен тізе бүктірген павлодарлықтар екінші ойында біраз терлеуге тура келді. Өйткені, үш шайба соғып алдыға шыққан Ертіс хоккейшілері біраз босаңдық танытқан. Осы сәтті пайдалана білген ақмолалықтар екі шайба соғып ара қашықты қысқартқан. Үшінші кезеңнің басында Ертіс хоккейшісі Развадовский төртінші шайбаны соғып жанкүйерлерін қуантты. Үшінші кезең аяқталуға екі минут қалғанда Арлан командасы есепті қысқартты. Әйтсе де, матч 4:3 есебімен аяқталып, Ертіс тағы үш ұпайына қол жеткізді. Ертіс келесі ойынын 15-16 ақпан күндері Ақтөбеде жергілікті қала аттас командамен өткізеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...