ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕРТІС БІР ҰПАЙ ҒАНА ЕНШІЛЕДІ

11:39, 17 наурыз 2020

Футболдан Премьер лиганың екінші турында жанкүйер күткен жеңіс болмады. Өз алаңында Петропавлдың Қызылжарын қабылдаған Ертіс 1:1 есебімен тең ойнады.

Бірінші турда екі команда да жеңіліп қалған. Сондықтан, Ертіске де Қызылжарға да ұпай алу ауадай қажет еді. Әсіресе, Ертіс командасы өз алаңында ойнап жатқандықтан жанкүйерлерін қуантқысы келген. Жанкүйер лемекші, коронавирусқа қарсы қойылған шектеулерге байланысты ойын жанкүйерсіз өтіп, стадион бос болды. Бәлкім ойынның өрнегіне бұл да кері әсерін тигізген болар. Бірінші таймда тараптар бір бір гол соқты. Алдымен есепті қонақтар ашты. 18 минутта петропалдық футболшы Александр Соколенко қарымта шабуылдың бірінде мүмкіндікті мүлт жібермеді. Ертіс футболшылар бірінші тайм түгесілер тұста ғана есепті теңестірді. Көзге түскен Карлос Фонсека. Екінші таймда павлодарлықтар көп шабуылдағанымен қақпа кілтін таба алмай, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.  

Милан Миланович, «ERTIS» ФК бас бапкері:

Менің нәтижеге көңілім толмайды. Әсіресе, екінші таймдағы ойын көңілімнен шықпады. Осымен екінші рет стандарттан гол жіберіп алдық. Бірінші турда да солай болған. Не істерімді білмеймін, ойыншыларды жазалаймын ба? Бірінші таймда жақсырақ ойнаған еді, екінші таймды нашар өткіздік. Біз тек доп тепкеніміз болмаса футбол ойнаған жоқпыз.  

Екінші турда Жетісумен Тобыл гол соқпай тең тарқасты. Оқжетпес өз алаңында Қайсарға жол берді. Есеп 0:1. Қостанайда ойын өткізген Шахтер Қайратты 1:0 есебімен жеңді. Каспий – Астана 2:3. Әлемді әбігерге салған коронавирус індетіне байланысты Премьер лига, сондай-ақ бірінші және екінші лига командаларының кезекті туры 15-ші сәуірге дейін өткізілмейді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР
11:33, 21 мамыр 2020
ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...