ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

ЕРТІС БЕСІНШІ ОРЫНДА

19:35, 25 қараша 2019

Ал, өткен демалыс күндері шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионаты жалғасын тапты. Өз айдынында Қызылжардың «Құлагерін» қабылдағын «Ертіс» бір ойында жеңіп, келесі күні жеңіліп қалды. 51 ұпайы бар павлодарлықтар турнир кестесінің бесінші сатысында келеді.

Алғашқы күнгі ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар бір бір шайбамен алмасты. «Ертіс» сапынан көзге түскен Дмитрий Цапаев. Екінші кезеңінде павлодарлықтар бір шайбамен алға шықты. Үшінші кезеңде қонақтар есепті теңестірген болатын. Әйтсе де, Рүстем Айдаш пен Евгений Гасников, бірбір шайба соғып Ертіске жеңіс сыйлады. Есеп 4:2 Келесі күнгі ойында Қос команда екі кезең бойы бір бірінің қақпасына шайба соға алмады. Тек 51 минутта «Құлагер» ойыншы артықшылығын пайдаланып есеп ашты. Соңғы минуттарда матчты құтқарып қалмақшы болған павлодарлықтар қақпашының орнына алтыншы ойыншыны шығарған. Алайда, қонақтар бос қақпаға тағы бір шайба соғып жеңіске жетті. «Ертіс» келесі ойындарын ертең және бүрсі күні өз айдынында «Ақтөбемен» өткізеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мұрат АБИЛМАЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

«ЕРТІС» ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ АЛҒА ШЫҚТЫ
13:20, 14 қаңтар 2020
«ЕРТІС» ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ АЛҒА ШЫҚТЫ
Толығырақ...
ЕРТІСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢА ФУТБОЛШЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
13:16, 14 қаңтар 2020
ЕРТІСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢА ФУТБОЛШЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...