ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ЭКСТРЕМАЛДІ СПОРТ

13:09, 14 қаңтар 2020

Спорт жаңғалықтарына кезекті береміз. Демалыс күні Усолка өзенінде алғаш рет қысқы дрифт бойынша автошабандоздардың жарысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған бұл жарыстың 2-ші кезеңі Ертіс-Баян өңірінде жалғасты. Келесі 3-ші кезең де біздің шаһарымызда өтеді. Ал, қалған 4 кезең Нұр-Сұлтан қаласында қорытындылатын болады.

Дрифт – экстремалды-жылдамдықты автоспорттың бір түрі. Бұл сайыста көлік жүргізушісінің шеберлігі сыналады. Шабандоздарға қойылатын шарт – небір қиылыс пен қалтарыста рөлді емін-еркін басқарып, автомобильдің күшін, жылдамдығын бақылауда ұстау. Жарыстың ұйымдастырушылары автоклубтар мен Павлодар қаласы «Ритм» шығармашыл жастар бөлімі. Мұздың қалыңдығы шамамаен жарты метрді құрайды. Айта кетерлігі, жарыс басталмай тұрып, ұйымдастырушылар бұл жердің мұздың қалыңдығын жіті тексерген. Олардың айтуынша, мұздың үстіңгі қабаты 15 тонналық техниканы көтере алады.

Игорь Коновалов, ұйымдастырушы:

Бұрындары қаламызда осындай жарыстар өткізілген, бірақ басқа форматта. Ралли-спринт форматында, дуэльдік жарыс форматында. Ал, бүгінгі автожүргізушілер бірінші рет сырғанау шеберлігін көрсететін формат алғаш рет. Бұны жаңа бастама деп айтып өтуге болады. Бұл жерде автокөліктер мәре сызығынан бірге бастап, бірге аяқтауы керек. Яғни, көрермендер толыққанды жекпе-жекті көреді. Бұл формат көрермендердің қызығушылығын арттыратынына сенімдімін.

Сондай-ақ, шара барысында көрермендерге концерттік бағдарлама, байқаулар, қайырымдылық фотосессия, ит шанамен сырғанау сынды ойын-сауық ұсынылды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық спортшылар келген. Қазіргі таңда мұндай спорттың түрі жастар арасында кеңінен етек жайып келеді.

Сергей Гуртовенко, қатысушы (Нұр-Сұлтан қаласы):

Бірінші кезеңде, бірінші орынға ие болдым. Былтыр екі жүлдеге қол жеткіздім. Барынша тырысамыз. Бұл өмір ағымының бір кезеңі десем болады. Осы спорт үшін өмір сүретін адамдар болады. Мен мысалы бұл көлігімде барлығын ауыстырдым. Қозғалтқыш та, ішкі бөліктері де барлығы. Қауіпсіздік тұрғысынан да толық дайын.

Мұз үстінде көлікпен ойнақтаған әуесқойлар таңнан кешке дейін өзара мықтыны анықтап бақты. Қазақстанның қысқы дрифтына небәрі екі жыл болды. Snow Drift Series (сноу дрифт сериес) Республикалық чемпионатының негізін қалаушы Руслан Смағұловтың айтуынша, спорттың бұл түрі тез дамып, танымал бола бастады.

Руслан Смағұлов, жарыстың негізін қалаушы:

Сноу дрифт сериес біздің елде ешқашан болмаған. Мен мотоспортқа 13 жастан бастап қатысып келемін. Біз бұрынғы кездері ұйымдастырушылардан бізде қысқы дрифт жасауын сұрадық, өйткені қазіргі таңда Ресейде бұл спорт түрі өте жақсы дамып келеді. Бұл спортты ешкім жасағысы келмеді, себебі көретін көрермені аз. Содан кейін мен өзім бұл шараны қолға алып, жыл сайын өткізуге тырысамын.

Күннің суығына қарамастан, теміртұлпар мінген каскадерлер арасындағы сайысқа қарап тұрған адамның делебесі қозады. Таңғажайып экстремалды жарысты тамашалаған көрермендер разы болып тарқасты.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...