ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДУАТЛОННАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

10:21, 11 маусым 2019

Алдағы сенбі, яғни 15 маусым күні қаламызда дуатлоннан жарыс өтеді. Дуатлон - жүгіру мен веложарысты қамтиды. Бұл жолы жарысқа қатысушылар төрт шақырым жүгіріп, 16 шақырым велосипедпен жүріп өтеді.

Дәл осындай шара 30 маусым күні де жоспарланған. Бұған 300-ден аса павлодарлық және басқа қалалардан қатысушылар келеді деп отыр. Сондай-ақ, бұл ауқымды жарықса облыс әкімі Болат Бақауов та қатыспақ. Шара Усолка мөлтек ауданында орналасқан «Ертіс» шаңғы базасында өтеді.

Виктор Бондарь, триатлон және дуатлон бойынша облыстық федерация президенті:

Сағат таңғы 9 барлық қала тұрғындарын, қонақтарын жарысқа қатысуға шақырамын. Велосипед болмаған жағдайда шаңғы базасы жанында велосипедттерді жалға беру орны бар, сол жерден алып, қатысуға болады. Велосипедтен бөлек, жарақат пен зақымдануды болдырмау үшін арнайы бас киімнің болғаны да абзал.

 

Марина САХАРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар