ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ДОСТЫҚ МАРАФОН ӨТЕДІ

19:12, 16 тамыз 2019

16-мен 18-ші тамыз аралығында Павлодарда Халықаралық спорт күніне арналған «Ertis Half Marathon – Достық өзені» жартылай марафоны өтеді. Марафонның жалпы ұзындығы – 21 шақырым. Экиден эстафетасының да ұзындығы осыған тең.

Жарысқа қатысушы ерлер 5 шақырымға жүгіріп, КСРО рекордшысы, спорт шебері Александр Кузнецовтың жүлдесі үшін бақ сынаса, әйелдер үш шақырым жүгіріп 1998 жылғы Нагано Олимпиадасының қола жүлдегері конькиші Людмила Прокашеваның кубогі үшін сайысқа түседі. Айта кету керек, жартылай марафонға қатысу тегін. Тіркелу 16 тамызға дейін ашық деп жарияланған. Бүгінгі күнге дейін 250 қатысушы тіркелген.

Сапаргелді Әбдірашев, Running Pavlodar құрама командасының үйлестірушісі:

Келе жатқан «Ertis Half Marathon» шарасы – спорттық шара. Бұл шараға біз үш жыл дайындалдық. 18 тамызда біз старт береміз. Стартқа бізде 650 адам тіркелген. Енді 21 шақырымға 300 адам жүгіреді. Ең қызықтысы – Экиден эстафетасы болып отыр. Ол командалық болып есептеледі. Ондам 1 қыз 4 бала жүгіреді.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...