ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

«BOLASHAQ ARENA» СПОРТ АЛАҢЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

14:30, 11 қаңтар 2019

«Ертіс» футбол клубының тәрбиеленушілері «Bolashaq Arena» заманауи жабық футбол кешенінде алғашқы қысқы жаттығуларын өткізді. Жаңа алаң «Батыр» стадионында орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде футболдан қыздар командасының да алғашқы дайындықтары өтті. Жас спортшылар аренаның қолайлылығы мен сапасын жоғары бағалады.

Бұл «Ертіс» ФК сапындағы қыздардың алғашқы жаттығуы. Павлодарлық қыздар футболына тамаша бастама берілді деп айтуға болады. Енді жас спортшыларда жаттығу үшін тұрақты орын бар. Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын жаңа жабық манеж, жасанды төсеніші бар үш шағын футбол алаңын қамтиды. Кешенде қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Қысқы уақытта жаттығу үшін қолайлы температура да сақталған. Енді, футболшылар, оның ішінде қыздар командасы үшін де сапалы жаттығу және жаңа шыңдарды бағындыру үшін барлық жағдай жасалған.

КСЕНИЯ ПОСТОВАЯ, ФУТБОЛДАН ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Міне «Ертіс» клубының құрамына еніп жатырмыз. Бұрындары қыздар үшін жаттығатын орын болған жоқ. Өзіміз тапқан шағын алаңдарда дайындалып жүрдік. Бұл қиындық тудыратын. Ал енді доптарымыз, жаттығу құралдары, бастысы қыс мезгілінде жаттығатын орнымыз бар. Енді қыздарда алға жылжу болатынына сенімдімін.

Наргиз Нұрғалиева жеті жасынан футболмен шұғылданады. Орталыққа бір жыл бұрын келген. Бұл қадамына өкінбейді.

НАРГИЗ НҰРҒАЛИЕВА, ФУТБОЛДАН ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ

Біз бұрындары Толағайда жаттығатынбыз. Ал енді манежде дайындалатын боламыз. Бұл жердегі алаң өзімізге қатты ұнайды. Әрқашанда осында жаттыққанды қалаймын. 

Жаттықтырушылар «әйелдер футболы» - әлем бойынша енді ғана жаңадан енгізіліп жатқанын айтды. Қазақстанда бұл спорт енді бастау алып жатыр. Қыздардың кәсіби командасын құру туралы ой бұрыннан пайда болды. Енді міне іргетасы да қалынды. Әйелдер футболының тұтас құрылымын құру бойынша белсенді жұмыстар басталып кетті.

ВЯЧЕСЛАВ КАЗАКОВ, «ЕРТІС» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Шынында да, қазір біздің қыздар еуропалық клубтарға жол береді. Екіншіден, Қазақстанда қыздар футболы бар қалалар өте аз. Осы жылдан бастап әйелдер футболын дамыту туралы шешім қабылданды.  

Қыздар командасына ресми түрде қабылдау жарияланды. Доп тебуге ниеті бар 12-13 жастағы қыздар қабылданады.  Жаттығулар аптасына 4 мәрте жүргізіліп тұрады.

Автор: Марина Сахарова, Сабина РАХИМБАЙ. Оператор: Досымбек ТОҚАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар