ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

БОКСТАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

19:25, 14 қаңтар 2019

Павлодарда бокстан жасөспірімдер мен ересектер арасында облыс чемпионаты басталды. Шаршы алаңда 80 спортшы бақ сынауда. Жарысқа былғары қолғап шеберлерінің мықтылары қатыспағанымен біріншіліктің деңгейі жоғары.

Бұл осы жылдың алғашқы чемпионаты.  Қатысушылар 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер, сондай-ақ 18 және одан жоғары жастағы боксшылар. Облыс чемпионатына Павлодар және Екібастұз қалаларынан, сондай-ақ Ақсу, Аққулы, Успен және Ақтоғай аудандарынан бірнеше команда қатысып жатыр. Спорттың бұл түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Бұрындары жарыста бақ сынауға 50 шақты жасөспірім қатысса, қазіргі күні көрсеткіш әжептәуір артқан. Биылғы қатысушылар саны 80. Алғашқы күні 18 жұп қолғап түйістірді. Мамандар, жасөспірімдердің аяқ алысына разы.

ОРАЗБАЙ ШАНАШЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Біздің жастардың арасында ел чемпиондары, содан кейін ел біріншілігінде өнер көрсеткендер демалып жатыр, ерлер арасында да бірінші болғандар, Қазақстанға іріктелініп алынғандар демалуда. Облыстан босатты, олар қазір ақпан айында Шымкентте өтетін  чемпионатқа дайындалуда. Ад мында 2-3 орындар бокстасып жатыр.

Екінші жыл қатарынан 60 келіге  дейінгі салмақта ересектер арасында Екібастұздық Бақтияр Смағұлов өнер көрсетіп жүр.  Боксшы өткен жылғы «күмісті» «алтынға»  ауыстыруға ниетті.

БАҚТИЯР СМАҒҰЛОВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ (ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ)

Менің ең басты бәсекелесім ол жергілікті жақсы боксшы. Өткен жылы меғн одан ұтылып, екінші орынға тұрақтадым. Осы жолы финалға дейін жетсем, қайта онымен кездесемін депе ойлаймын. Жеңуге тырысамын.  Осы жылы алдыма үлкен мақсат қоюдамын. Қазақстан құрамасына кіруге ниеттімін.

Ересектер мен жастар арасындағы бокстан Павлодар облысының чемпионаты 16 қаңтарда аяқталады.

Автор: Марина САХАРОВА. Оператор: Досымбек ТОҚАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:05, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...