ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

00:57, 15 желтоқсан 2018

Павлодар қаласында өңірге белгілі бапкер Абай Қабиденұлы Тәтиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Додаға Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елінің былғары қолғап шеберлері мен еліміздің 9 облысынан келген бокшылар қатысып, бақтарын сынауда. Турнир апта соңына дейін жалғаспақ.

Белгілі бапкер, боксшы Абай Тәтиевке арналған турнир жыл сайын өтіп келеді. Биылғы додаға 2001, 2002 жылғы туылған жасөспірімдер қатысуда. Павлодар өңірінің намысын қорғайтын боксшылардың қатарында екібастұздық 52 келі салмақ дәрежесінде Махмет Төлегенов те болды.  Айтуынша 11 жасынан бастап бокспен тұрақты  айналысып келеді. Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келген.

МАХМЕТ ТӨЛЕГЕНОВ – БОКСШЫ

Мен боксқа 6 жыл қатысамын. Осыған жақсы дайындалып келдім. Мына халықаралық жарыста жеңемін деп дайындалып келдім.+Нәтижесінде жеңдім екі бойды. Алла жазса ертең тағы шығамын.

Боксты бағалайтын төрешілер де осал емес.  Қарағанды облысы Балқаш қаласынан келген бас төрешінің айтуынша, бұл жарыс жасөспірімдерге серпін беріп, жігерлендіре түседі.

АМАНГЕЛДІ МАКАЛИН – БАС ТӨРЕШІ (БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ)

Жарыс өте жақсы, жоғары деігеде өтіп жатыр. Шетелден 3 командакеліп отыр. Ол Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан командалары. Осы жарыста тағы ескеретін көп спорт шебелрлері қатысып отыр. Жарыстың деңгейін көтеріп отыр. Кеше жарыстың бірінші күні өтті. 16 жұп болды. Тартыс өте қызықты болды.  

Айта кетейік, турнирге барлығы 12 командадан тұратын 96 боксшы қатысуда. Дода 15 желтоқсан күні аяқталады. Сайыстағы саңылақтарымызға сәттілік тілейміз!

 

Бақытнұр ШЕРИКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар