ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

БІР ЖЕҢІЛІС, БІР ЖЕҢІС

11:23, 10 қыркүйек 2019

Өткен демалыс күндері шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталды. Алғашқы кездесуін өз айдынында өткізген Павлодарлық Ертіс жеңіліп қалды. Негізгі уақытта тең ойнаған павлодарлықтар овертаймда қарсыласына есе жіберіп алды. Ал, екінші күнгі ойында Павлодарлық команда қарсыластың қақпасына жауапсыз алты шайба соқты.

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатына алғаш рет шет елдік команда қатысып отыр. Өзбекстан елі Ташкенттің «Хумо-2» деп аталатын командасын біздің чемпионатқа қосқан. Ертістің де алғашқы қарсыласы Ташкент командасы болды. Қонақтар салған жерден шайба соғып, небәрі 43 секундта есеп ашты. Павлодарлықтардың есепті теңестіруіне он минуттай уақыт кетті. Екінші кезеңнің басында қонақтар тағы да алға шықты. Үшінші кезеңде Ертіс есепті теңестіріп қана қоймай бір шайба айырмасымен алдыға шыққан. Бірақ, жеңісті матч соңына дейін ұстап тұра алмады. Үшінші кезең аяқталуға бір жарым минут қалғанда өзбек командасы есепті теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Ал, қосымша уақыттың үшінші минутында ташкенттіктер жеңісті жұлып әкетті. Келесі күні қос команда екінші мәрте кездесті. Бұл жолы Ертіс хоккейшілер Хумо-2 командасының қақпасына жауапсыз алты шайба соғып, тас талқан етті. Ертіс келесі ойындарды 10-11 қыркүйекте өз айдынында өткізеді. Қарсыласы Алматы командасы.    

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...