ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

19:47, 15 мамыр 2019

Өңірде мектеп оқушылары арасында баскетболдан республикалық турнир басталды. Жарысқа 8 аймақтан командалар келді. Спорттық шара бір аптаға жалғасады.

2010 және одан да төмен жастағы жасөспірімдер арасында баскетболдан республикалық турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар қалаларынан командалар қатысуда. Олардың жалпы саны 16. Оның ішінде 8-і қыздар, ал қалған 8-і ұлдар командасы.

Рахметолла Қасқырбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

Турнир өте қызықты және тартысты өтуде. Себебі қатысып жатқан командалардың барлығы облыстық жарыстардың жеңімпаздары. Менің ойымша жиі спорттық шараларды ұйымдастыру қажет. Болашақта спортшылар тек  ел ішінде ғана емес, шет елдерде де ел намысын қорғайды деп ойлмын.

Спортшылар бір апта бойы ойынның көрігін қыздырады. Он бір жастағы қарағандылық Анна Пегова бұл спорт түріне 9 жасынан бет бұрған. Республикалық жарыстан команда жеңіспен оралады деген үмітте.  

Анна Пегова, спортшы:

Мен баскетболмен 2 жыл айналысамын. Маған бұл спорт түрі ұнайды. Менің ойымша, мұнда қозғалыс өте көп. Және жылдамдықты талап етеді. Басқа спорт түрлерінен ерекшеленеді.

Алғаш рет турнир мектеп оқушылары арасында баскетболдан республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Спорттық шара ауыл-аймақтан бастау алып, жыл сайын дәстүрге айналады деген үмітте. Апта соныңда жеңімпаз командалар диплом және сыйлықтармен марапатталады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар