ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

7-қысқы универсиада ойындары аяқталды

18:44, 12 наурыз 2018

Павлодарда 7-қысқы универсиада ойындары аяқталды. Студенттер арасында спорттың 11 түріннен өткен байрақты бәсекеде павлодарлықтар жеңіске жетті. Додаға еліміздің 36 жоғары оқу орыннан 2 мыңға тарта спортшы қатысып, бақ сынаған болатын.

11 күнге созылған қысқы универсиада ойындары алғаш рет Павлодарда өткізілді. Спорттың 11 түрін қамтитын дүбірлі додада 2 мыңға тарта студент бақ сынады. 7-рет ұйымдастырылған жарыстың ерекшелігі де, республикамыздың әр қаласында емес, бір қалада өткізілуі де  универсиаданың жинақылығын көрсетті дейді ұйымдастырушылар. 

Сонымен жарыс қорытындысы бойынша  жүлделі 1-орынды  Павлодар мемлекеттік педагогикалық универсиеті иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал екінші және үшінші орындарды Қостанай педагогикалық институты мен Қарағанды мемлекеттік универсиеті еншіледі.

АРУЖАН МӘЖИТ, ТарМУ-дың студенті

«Универсиада ойындары өте қызықты болды. Біз өзімізді жақсы жағынан көрсетіп, университетіміздің атын қорғай білдік. Эстафета жарысы бойынша қыздарымыз 2-орынды иеленді.»

Павлодар мемлекеттік университетінде өткен  универсиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаталды. Оларға медалдар мен кубоктар және дипломдар табыс етілді.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРДЕ «ЕРТІС» ТІЛШІЛЕРІ ДЕС БЕРМЕДІ
11:49, 19 маусым 2018
ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРДЕ «ЕРТІС» ТІЛШІЛЕРІ ДЕС БЕРМЕДІ
Толығырақ...
FIFA-2018. ҰЛТТЫҚ АРНА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН КӨРСЕТЕДІ
18:18, 8 маусым 2018
FIFA-2018. ҰЛТТЫҚ АРНА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...