ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

18:42, 6 желтоқсан 2018

Павлодарда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда. Аталмыш шара аясында қалалық сауда орталықтарының бірінде флешмоб ұйымдастырылды. Осылайша қоғамдағы өзекті проблеманың бірі – гендерлік зомбылық қалың жұртшылықтың назарына ұсынылды.

«Тоқсары керуен» флешмобы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жастар осылайша, бұл өзекті проблеманың біздің қоғамда да бар екенін көрсетті. Акция аясында түрлі ойын-сауықтар өткізілді. Шараға келген қонақтар қына бояуымен қолға сурет салуды үйренді. Рубик кубигін жинап, естелік фотосуреттерге түсті. Ал әлеуметтік-психологиялық оңалту және тұрғылықты жері жоқ баласы бар әйелдерді бейімдеу орталығының мамандары заңгерлік және психологиялық кеңестер берді.  Аталмыш акция Қазақстанның 17 аймағы өткізілді. Алғашқы шара Астана қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінен бастау алды.

ӘЙГЕРІМ ҮСЕМБАЕВА, «ҰЛТТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЖЕЛІСІ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ 

Зорлық-зомбылыққа қатысты мәселе Қазақстан бойынша 18 қалада көтерілді. Осылайша бұл жөнінде халыққа көбірек ақпарат таратуға  тырысып жатырмыз. Би билеуден басқа, интерактивті театрлар өткізетін  боламыз.

Ұлттық еріктілер желісі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның кейбір аймақтарында зорлық-зомбылыққа қатысты проблемалар жөнінде айтыла бермейтін көрінеді. Алайда, оған қатысты қиындықтар бір төбе. Белсенді топ өкілдері мұндай акциялар адамдардың сауатын арттырып, құқығын қорғауға үйрететініне сенімді.     

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН, Сабина РАХИМБАЙ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...