ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖЫЛДАМ ТАМАҚТАНАТЫН ДӘМХАНА

18:52, 15 мамыр 2019

Биыл облыс орталығында жылдам тамақтанатын тағы бір мейрамхана ашылады. 80 орындық мекемені инвестор үш ай ішінде салып бітіруді көздеп отыр. Шамамен қараша айында пайдалануға беріледі. Жаңа мейрамхана қандай мекен жайда орналасатын болады?

Назарбаев даңғылы мен Шөкин көшесінің қиылысында ортақ пайдалануға жатпайтын жер учаскесі бар. Дәл сол жерде болашақ мейрамхананың қадасы қағылады.  Ол өткен жылдың тамыз айында жер телімі аукцион арқылы үш жылғае жалға берілген. Нысанды қолданысқа бергеннен кейін, ғимарат иесі жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға құқылы. Құрылыс жұмыстары кезінде 53 ағаш кесіледі екен. Әйтсе де, компания олардың өтеуі ретінде сол аумаққа 219 ағаш отырғызбақ.  Көшеттер Шығыс Қазақстан облысының тәлімбақтарынан әкелінген. Көгалдандыру бойынша ауқымды жоспары мен жобаланған ғимараттың жаңартылған, қазіргі заманғы дизайны жасалған. Жаңа бизнес-нысан қаланың экологиялық жағдайы мен сәулеттік келбетін жақсартады, дейді.

Қуаныш Қабиденов, франшиза фирмасының басшысы

Әдемі қасбеттік ғимараттан басқа, біз аумақты да көркейтеміз, яғни, кеспек тастарды саламыз, асфальттаймыз.

Алдағы үш айда барлық монолитті жұмыстарды аяқтап, инженерлік коммуникацияларды тарту жоспарланған. Құны 1 млн. АҚШ доллары болатын инвестжоба яғни, жылдам тамақтанатын мейрамхана осы жылдың соңына қарай іске қосылады. Сол кезде кем дегенде 35 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 75% - ын студенттер құрайды, дейді инвесторлар.

 

Марина САХАРОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...