ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 112 ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫН КӨТЕРГЕН

15:40, 9 ақпан 2019

«Нұр Отан» партиясында Парламент мәжілісі және облыстық мәслихат депуттарының қатысуымен жиын өтті. Халық қалаулылары кездесу барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асу ретін талқылады.

Павлодар облыстық экономика және қаржылық жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары Ирина Назарчук 2019 жылдан бастап еңбекақы жүйесінің өзгергендігін мәлімдеді. Жалақысы ең төмен қызметкерлердің айлығы көтерілді.

ИРИНА НАЗАРЧУК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл бюджеттік саланың 33 мың қызметкеріне қатысты. Облыстағы жалақы мөлшерін арттыру үшін, біз, республикалық бюджеттен 4 млрд 900 млн теңге алдық.

Жыл басынан бері 112 жеке меншік мекеме қызметкерлерінің айлығын өсрген. Оның 40-ы ірі кәсіпорындар. Мамандар еңбекақының өсуі мұнымен шектелмейді дейді. Сонымен қатар жиын барысында, жастардың өмір сүру дейгейін арттыру мәселесі де елеусіз қалмады. Аталмыш сұрақ аясында Павлодар облысында 3 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 200 орынға арналған жатақхана құрылысы да бар.

СӘУЛЕ АЛЕКПАРОВА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Үшінші жоба бойынша педагогикалық колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысының орны белгілі. 2019 жылы жоба макетін жасауға 2 млн теңге бөлініп отыр. Бұл жөнінде 24 қаңтарда байқау жарияланды. Байқау нәтижесі наурыз айында белгілі болады.

Павлодар облысында 2 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж екендігін айта кеткен жөн. Мәжіліс депутаты Василий Олейник сұраныс бер екендігін, және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырарда сапасы мен кедергілер болмайтындығына көз жеткізу керек,- дейді.

ВАСИЛИЙ ОЛЕЙНИК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Осы бұрғыда біз, аймақтарға шыға бастағанда мемлекеттік сатып алу туралы заң қабылдадық. Тапсырыс беруші мен сатушы арасында болатын барлық мәселелерді толық қадағаладық.

Мажилисмендер Павлодар облысында білім беру саласы бойынша бірқатар шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...