ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

21:09, 28 шілде 2020

Биылғы жылы Шарбақты ауданындағы білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік маңызы бар нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның барлығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ауданда мұндай жобалардың 8-і бар. Қазірдің өзіңде оның 3-де жұмыстар аяқталды.

Шарбақты ауданының инфрақұрылымын жаңартуға 2020 жылы 431 миллион теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін, тұрғындар игілігіне – жаңартылған мектептер, ауруханалар, мәдениет үйі, кітапханамен спорт мектептері беріледі Соңғы нысан қыркүйек айының ортасында қолданысқа тапсырылады. Атқарылып жатқан жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.

Марина Турлова, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:

Шарбақты ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы 88 жұмыс орны ашылды. Оған өзін-зі қамтыған және жұмыссыз жүрген азаматтар бағытталды. Сондай-ақ, студенттер де жұмысқа жұмылдырылды. Барлығы 176 жұмыс орны бекітілді. Оның ішінде 88 білікті маман жұмыс беруші тарапынан еңбекпен қамтылды.

Әр түрлі жұмысты атқаратын адамдардың ең төменгі еңбекақысы – 85 мың теңгені құрайды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмылдырылған 5 адам - қазандық пен жергілікті аурухананың күрделі жұмыстарымен айналысады.

Ернұр Мәкішев, аудандық аурухананың шаруашылық меңгерушісі:

Аталмыш жобаға 103 миллион 430 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға қазандық, асүй, кір жуатын және қуыру бөлмесіне күрделі жөндеу жасасалды. Жоспар бойынша қазіргі уақытта бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Біздің тәжірибемізде бұл бірінші күрделі жұмыстар емес. Мердігер өз ісін адал қарайды. Кесте бойынша үлгеріп жатыр, жоспар бойынша ойдағыдай болады.

Қазіргі уақытта нысанда 12 маман жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ісін жақсы білетін мамандар. Ауданның өркендеуі үшін бір кісідей бірлесіп еңбек етуде. 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Ергали РАМАЗАНУЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар