ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

20:12, 1 шілде 2020

Мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қоғам болып бақылауда ұстау қажет. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов бұған тұрғындардың да қосар үлесі зор деген еді. Сондықтан, павлодарлықтар қолдарындағы смартфондарын ел игілігі үшін пайдалана білуі керек. Яғни, сапасыз жасалған жұмыстарды түсіріп алып, тиісті органдарға жолдауына болады.

Мәселен, бұл жазбаны Зеленстрой мөлтек ауданының тұрғыны біздің редакциямызға жіберді. Оның сөзінше Нұржанов көшесіне қиыршық тастар төселіп жатыр. Жол жөнделу үстінде. Бірақ аталмыш көшенің кейбір аумақтары қалып қойғанын айтады, тұрғындар. Осылайша көше тұрғындары көктем мен күзде балшық кешіп, қыста қар басқан жолмен жүруге мәжбүр. Жол асфальтталмаса да, қиыршық тас төселсе дейді. Ал  ТҮКШ бөлімінің өкілі мәселемен таныс екенін айтып, биыл Зеленстройда үш негізгі көшеге ғана қиыршық тас төселетінін жеткізді.

Әрсен Жұмабеков, қалалық  ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Жалпы зеленстрой бойынша инженерлік желілер өткізу бойынша жоба әзірленіп жатыр. Дренажды жүйе орнатылуы тиіс. Сондықтан асфальт төсеп, оны қайта қопару мәнсіз. Биыл Зеленстройдағы 3 негізгі көше таңдалып, қиыршық тас төселіп, фрезерленеді.

Осылайша биыл, Достық, Сұлтанов, Нұржанов сынды негізгі, жалпақ көшелерге ғана қиыршық тас төселеді. Мөлтек ауданда шамамен 2,5-3 шақырым жол биыл реттеледі, дейді. Тұйық, қосымша көшелерде әзірге жол сол қалпында қалады. Инженерлік желілер өткізілгеннен кейін ғана толық қолға алынбақ. Сондықтан, әзірге тұрғындарға аздап шыдауға тура келеді.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар