ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРУ

15:55, 9 қыркүйек 2019

Өңірімізде мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Арнайы ақпараттық топ бұл жолы облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылына барды. Елді-мекен тұрғындарына Жолдау егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мемлекет басшысының жолдауында жалпы мемлекетіміздің дамуының барлық бағыттарына үлкен сараптама жасалған. Соған байланысты мемлекеттік органдарға да нақты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаға байланысты қаламыздың әкімшілігі қызу жұмыстар атқаруда. Бүгін Кенжекөл ауылындағы жиында мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы жолдаудың мән мағынасын түсіндірді.

Тоқтамыс Жұмағұлов, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

Барлық жерлерде бүгінгі күнде мемлекет тарапынан қандай мемлекеттік қызмет көрсетіледі, сол тиімді болу керек, сапалы болу керек және де қысқа мерзімді болу керек. Ең бастысы ол азаматқа түсінікті болу керек. Ауылдық округтерде біз қазір өзіне-өзі қызмет жасайтын бұрыштар аштық. Мемлекеттік мекемелердің барлығында да аштық, қазір біз сауда орындарында осы орталықтарды ашудамыз. Ең бастысы халыққа қолайлы жағдай жасау.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...