ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЖОЛ УАҚЫТША ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

10:35, 21 ақпан 2020

Павлодар қаласы бойынша уақытша қалпына келтіру жұмыстарын талап ететін 146 жер телімі бар. Олар түрлі себептермен бүлінген. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты ойылған жерлерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Короленко көшесінде орналасқан мына жерде 2019 жылдың соңында су құбыры жарылып, тегіс асфальт бүлінген болатын. Бірақ, құрылыс жұмыстары аяқталғанымен, көлік салмағына шыдас бермеген құм жабынды төмен түсіпті. Қазіргі уақытта қысқы уақытша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр. Себебі, жер құрғамайынша бұл жерге асфальт төсеуге келмейді.

Темір Қасқабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Бұл жерде жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол бөлігі ойылып қалды. Өйткені естеріңізде болса өткен жылдың желтоқсан айында су электр құрыбры жарылған еді. Енді қыс ішінде асфальт төсеуге болмайтындықтан бұнді қыс ішінде асфальт төсеуге болмайтындықтан бұған жауапты коммуналдық қызмет мамандары уақытша қалпына келтіруді өз мойындарына алады.

Бұл бөлікке осымен бесінші мәрте құм мен қиыршық тас төселіп отыр. Көлік қозғалысы көп болғандықтан, жер отыра береді. Ал, Павлодар қаласы бойынша дәл осындай 146 жер учаскесі бар. Оның 35-і тас жол үстінде. Ал, қалғаны аула ішінде.

Темір Қасқабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Бүлінген жерді аббаттандыру көктем, жаз айларында жүзеге асырылады. Өйткені, қазіргі ауа райы қолайсыз. Бізден асфальт сала алмаймыз.

Әзірге апта сайын құм, қиыршық тастар төселіп отырады. Бұл аз да болсын көлік қозғалысына септігін тигізеді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...