ШҰҒЫЛ! ШЕКАРАДАН ӨТУ ТӘРТІБІ РЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТІ ОРЫНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

11:41, 8 қараша 2018

Павлодар облысында туристер мен жолаушыларға қызмет көрсететін жол бойындағы сервистік орындар сын көтермейді. Кейбір жолдардың бойында қарапайым ғана жылы дәретхананың өзі қарастырылмаған. Аталған мәселе өңірдің туризм саласы сөз болған аппараттық жиында талқыға салынды.

Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының сөзінше, биылғы жылы өңірімізге 56 мыңнан аса турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 4,5 пайызға артық. Оның ішінде аймағымызға демалуға келетіндердің қатарында шетелдіктердің саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Туристерді өңіріміздің әсем табиғаты мен шипалы ем домы қызықтыратын көрінеді.

ДАСТАН РЫСПЕКОВ – КӘСІПКЕРЛІК, САУДА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодар облысының туристік секторында 91 компания жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 860 туристтік  маршрут қарастырылған. Олардың ішінде 41 орын киелі жерлер картасына енгізілді. 

Жиында туристердің көптеп келуіне кедергі келтіретін түткілдер де айтылды. Соның бірі – қызмет көрсету орындары. Бүгінгі  таңда демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарына инфрақұрылымдық желілер тартылды. Десе де, әлі де атқарылар ұсақ-түйек шаруалар баршылық. Мәселен,  жақында ғана ашылған Мырзашоқы тау шаңғы базасындағы қолайсыздықтар туристерді тартуға қол байлау болып отыр.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда ол жерге қардың қалың мөлшері керек.  Ал сіздер әлі де болса, трактор жоқ, дизель жоқ, оны жүргізетін тракторшы жоқ дегеннен аспай отырсыздар. Осы мәселелер үлкен жұмыстың жандануына кедергі келтіруде.

Туризмнің қарыштап дамуына кедергі болып отырған тағы бір  мәселе - туристер мен жолаушыларға қызмет көрсететін жол бойындағы сервистік орындардың дамымауы. Бүгінде бұл  сала сын көтермейді. Қыл-аяғы, облыстық, республикалық жолдардың бойында қысқы уақытта  кіріп шығатын жылы дәретханалар да  қарастырылмаған.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жылы дәретханалар мәселесі де сол қалпы. Өзгерген ештеңе жоқ. Сол орында тұр. Ешқандай алға жылжушылық байқалмайды. Жанармай құю бекеттерінде бұл қызмет түрі қарастырылмаған стансасалардың  лецензиясын қайта қарастыру керек.

Сондай-ақ, жиында жолдың жайы мен туристік аймақтардағы ұялы байланыс қызметінің сапасыздағы да сөз болды. Бұл мәселе де атқамінерлер, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Әзірге аталған түйткілді толығымен шешу мүмкін болмай тұр. Ал биылғы жылы өңірде 1100 шақырым жол қайтадан жөндеуден өткен. Алдағы жылдың қыркүйегіне дейін  «Павлодар-Астана» тас жолы толығымен аяқталады деп күтілуде.  

 

Өзгеріс ҚУАНАР

 

Тақырып бойынша материалдар

№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы өтті
22:23, 16 қаңтар 2019
№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы ө...
Толығырақ...
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ  18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕНДІ
22:21, 16 қаңтар 2019
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ 18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...