ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

«ЖЕРҰЙЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

20:13, 11 сәуір 2019

Павлодардағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Жерұйық» бағдарламасы таныстырылды. Бес жобадан тұратын бағдарлама ұлттық дәстүрді дәріптеп, насихаттау бағытталған. Сондай-ақ, этно туризмді дамытуға ықпал етеді, дейді жоба авторлары. Тың бағдарламаны жаңадан құрылған «Қағандық» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырмақ.

«Жерұйық» бағдарламасының бірінші жобасы қазақы үлгідегі киіз үй жасау. Кейінгі кездері киіз үйді темірден құрастырып, пішінін жасап жүргендер бар. Ал, бұл бағдарлама аясында қазақ киіз үйінің философиясын сақтай отырып, ағаштан жасауды мақсат еткен. Жерұйықтың екінші бағыты ұлттық тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, елім, жерім, жұртым деген ер азаматтарға қолдау көрсетіп, жастарға патриоттық тәрбие беру.

Еркеғали Жанғазы, «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Өзінің отанына жауапкершілікпен қарайтын, қазақтың «Еркек тоқты құрбандық» деген сөзін ұстанатын ер азаматтарды тәрбиелеу, одан басқа қыз баланы да тәрбиелеу. Жалпы, отаныма деген патриоттық сезімді ояту.

Бағдарламаның үшінші бағыты қазақ елінің бай дәстүрін баршаға паш ету үшін этно ауыл құрып, ол жерде этно туризмді, атқа міну мәдениетін және қол өнерді насихаттауға арналған. Төртінші бағыт ұлттық тағам әзірлейтін мейрамхана ашу.

Еркеғали Жанғазы, «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Біздің өңірде ұлттық тағамдар мейрамханасы жоқ. Шет елден келген адамдар болды сұраған. Өкінішке қарай, ұятымызға қарай біз апаратын жер таба алмадық. Содан бұған да ғылыми жобадан қарап отырмыз.

«Жерұйық» бағдарламасының бесінші бағыты Павлодар облысында «Ұлттық салт-дәстүр орталығын» ашу. Қоғамдық бірлестіктің тың туындысы жұрттың көңілінен шықты. Кездесуге қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, жергілікті билік тарапынан мейілінше қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар