ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

22:13, 20 қараша 2020

Жерлесіміз Дамира Мәжітова «#ХИТ» Халықаралық онлайн музыка байқауының жеңімпазы атанды. Вокалдық байқау Мәскеудің «Event Arena Moscow» продюсерлік орталығында өткізілді. Шара шетелдік және Ресейдің мәдениет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдарының қолдауымен ұйымдастырылды. Дамира тындармандарды өнерімен тәнті етіп, 1 дәрежелі лауреат атанды.

Қазылар алқасы төрелігімен  740-тан астам өтінім қаралып, 156 қатысушы финалға суырылып шықты. Халықаралық додада 3 қатысушы Гран-при иегері атанса, 33-і жүлделі орындарға ие болды. Ал, 8 өнер иесі 1 орынның төрінен көрінді. Олардың қатарында жерлесіміз Дамира Мәжітова бар. Ол музыкалық байқауды әлеуметтік желіден аңғарған екен. Бірден кезекті өнер байқауында бақ сынауға бел буған.

Дамира Мәжітова, «#хит» байқауының I дәрежелі лауреаты:

Мұндай форматтағы сайысқа алғаш рет қатысуым. Ол да бір тәжірибе болар. 10 қыркүйек күні мен бейне баянымды жібердім. Неліктен бұл композиция? Мүмкін, менің өмірімде алар орны зор ән шығар. Бұл ән маған ерекше ұнайды.

Дамира байқау нәтижесін екі ай күткен. Ол жіберілген өтініштер мен бейнебаянның көптігінен болар деп, - сөзін толықтырды. Әділ-қазылар алқасында, Митя Фомин, Александр Дедов, Виктория Злобина, Павел Любимов сынды өнер жұлдыздары төрелік етті. Жерлесіміз 25-29 жас аралығындағы санатта алғашқылардың бірі болды. Оң бағасын берген алқа мүшелері әншінің өнерін жоғары бағалаған.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар