ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ҚҰРЫЛДЫ

11:31, 12 ақпан 2019

Павлодарда жер қатынастары саласында қызмет көрсететін геоақпараттық портал құрылды. Порталды жасауға бюджеттен 450 миллион теңге бөлінген. Биылдан бастап жер қатынастары бөлімдері тоғыз түрлі қызмет түрін көрсетеді.

Облыстық жер қатынастары басқармасының қалалар мен аудандардағы бөлімдері осы салада бұған дейін алты түрлі қызмет көрсетіп келген болса, биыл тағы үш қызмет қосылды. Тоғыз қызметтің төртеуі электронды форматта  қалған бесеуі қағаз жүзінде көрсетіледі.

РУСЛАН ДӘУІТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2019 жылы үш жаңа мемлекеттік қызмет түрі қосылды. Көбінесе, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыруды бекіту мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Олардың саны 6051. Оның ішінде 5076 электронды түрде көрсетілсе, қағаз жүзінде 975 қызмет көрсетілген.

Жалпы, өткен жылы облыс бойынша жер қатынастары саласында мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал, биыл геоақпараттық портал құрылып жатыр. Ол облыстың ақпараттық сараптамалық жүйесі құру үшін қажет. Порталда қызметтің алты түрі көрсетіледі.  Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға 450 млн теңге бөлінген.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...