ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖЕКЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ

18:33, 12 қыркүйек 2019

Павлодар қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» өз жемісін беруде. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс беруші мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерді жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы құрылады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламысының үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері бар. Мәселен, жеке меншік орталығы арқылы ағымдағы жылы 96 кәсіпкер 300 ден аса жаңа жұмыс орнын ашты. Әлеуметтік жұмыс орындарының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін – кәсіпкерлер қажетті вакансиялардың тізімін жасап, жылдың соңына дейін тапсырыс береді. Осы бағдарлама бойынша жеке меншік жұмыспен қамту орталығында 6 адам жұмыс істейді.

Аманбек Ұнатұлы, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

Осы бағдарлама бойынша 6 адам жұмыс істейді. Жалпы, осы бағдарламаның көрсеткіштері жайлы айтатын болсам, әрбір жұмыс берушіге жұмысшы еңбекақысының 35 пайызын қайтарып береді. Ол дегеніміз, мысалы, жұмысшының еңбегі 100 мың теңге болатын болса, оның 35 мың ай сайын ол кісіге беріп отырамыз. Әрбір кәсіпкерге бұл өте тиімді және жеңілдік.

Бұл жобаның басты ерекшелігі - егер жұмысшыға өзінің қызметі ұнайтын болса, онда әрі қарай тұрақтаныуына мүмкіндігі бар.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...