ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ

21:44, 13 шілде 2020

«Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Салық төлеушісінің дербес шотында 2020 жылғы 1 сәуір бойынша көрсетілген өсімпұл, есептен шығару негізінде қосымша салықтық рақымшылық жүргізіледі. Бұл өзгерту, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін, негізгі қарыз төленген жағдайда жүзеге асырылады.

«Салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңына енгізілген өзгертулер – мүлік, жер және көлік салағына тікелей қатысты. Павлодар облысында 2020 жылғы 1 сәуір бойынша 81 мыңнан астам салық төлеушінің 885,4 миллион теңге көлемінде қарызы бар. Оның ішіндегі негізгі қарыз 601 миллион болса, өсімпұлдың сомасы 283 миллион теңгені құрайды.

Индира Әбілева, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы:

Оның ішінде ең көбісін салықтың түрі – көлік салығын құрайды. 16 мыңнан астам салық төлеуші бюджетке 773 миллион теңге қарыздар. Оның ішінде негізгі қарыз 519 миллион теңге, ал өсімпұл 253 миллион теңгені құрайды. Біз облыс тұрғындарын салықтық рақымшылықпен мүмкіндігінше пайдалануын сұраймыз.

Ал жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша 34 мыңнан астам салық төлеушінің 74 миллион теңге көлемінде берешегі бар. Оның ішіндегі негізгі қарызы 55 миллион болса, өсімпұл сомасы 19 миллионды құрайды, Сонымен қатар, аймағымызда жер салығы бойынша 36 миллион теңге қарызы бар – 30 мыңнан астам азамат тіркелген. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, осындай жағдайларды болдырмау үшін, салықтық рақымшылықты пайдаланып, салық органдарының талаптары бойынша төлемдерді уақытында жасауға  кеңес береді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...