ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖЕКЕ КӨМЕКШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ

12:51, 26 қаңтар 2020

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайлайтын жеке көмекшілердің жалақысы өсті.

Облыстық әкімдікте өткен жиналыста, жеке көмекшілерге сыйақы төлеу және тікелей қала әкімдігімен делдадалдарсыз келісімшарттар жасау туралы сөз қозғалды. Жеке көмекші мүгедектерге ілесіп жүру қызметін, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін, өзге де ұйымдарға барған кезде қызметін көрсететін тұлға. Олардың басты міндеті қозғалуы қиын 1-топтағы мүгедектерге қол ұшын созу. Радмила Оспанова мүгедектер арбасына танылғанына 10 жыл уақыт өтті. Осы жылдар бойы оны күйеуі қарап, оның жеке көмекшісі болды. Келісімдер жасасуды Үкіметтік емес Ұйымдар жүзеге асырады. Соңғы жылдары көмекшілерге ақы төлеу мәселесі өзекті бола бастады.

Төрехан Сүйіндіков, жеке көмекші:

Олар бізден сіздер осы 8 сағат жұмыс жасадыңыздар ма деп сұрай бастайды. Сосын толтыруға арналған үлгіні береді.
Сіз барлық 8 сағатта жұмыс істеуіңіз керек, мүгедекпен қайда барғаныңызды жазыңыз дейді. Егер ойланып қарасаң, мүгедектердің жеке көмекшілері бейтаныс адамдамдар емес. 90%-ы отбасы мүшелері. Берілген қаражаттың барлығы мүгедекке немесе сол отбасына бірдей жұмсалады. Жеке көмекші әрдайым мүгедектің жанында болуы керек.

Жеке көмекшіге сағатына 250 теңге төленіп келді. Ағымдағы жылдан бастап жеке көмекшілердің көтерген мәселелері оң пайдасына шешілгендіктен, бұл сома жоғарылады.

Радмила Оспанова, қала тұрғыны:

Біз қол жеткізген ең маңызды нәрсе делдалсыз келісімшарт жасасу. Бұл өте керемет. Өйткені қазір мұнда үшжақты келісім бар және біз тапсырыс берушіге, мердігерге және осы қызметті алушыға қол қоюға келдік. Делдал әрине, өзінің қызметі үшін белгілі бір соманы алады. Қазір бәрі ашық түрде.

Қазір жеке көмекшінің бір сағаттық жұмысының құны - 358 теңге.
Мемлекет күніне 8 сағаттық жұмысты төлейді. Қала әкімшілігінің мүгедектермен және олардың көмекшілерімен, делдалсыз тікелей жұмысы Қазақстанның басқа қалаларында да қолданыланып жатыр.

Лариса Кузьменкова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

Біздің мүмкіндігі шектеулі жандар Павлодарда бұл қызметті тікелей тапсырыс берушілер ұсынуы керек деген ұсыныс білдірді. Қазір біз үшжақты келісімдерді жасадық. 23-нен бастап кестеге сәйкес оларды жасай бастадық. Бұл кесте мүгедектерге беріледі. Осы қызметке мұқтаж барлық мүгедектерге көрсетіледі.

Ертіс-Баян өңірінде мүмкіндігі шектеулі 800 адам жеке көмекшінің қызметіне жүгінеді. Өткен жылы бұл бағытта мемлекет тарапынан 250 миллион теңге бөлінді. Осы жылы оңтайландыруға байланысты шамамен 324 миллион теңге қарастырылған.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...