ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖАНҒА ЖАЙЛЫ

19:36, 18 маусым 2019

Жаз шыға лагерь жұмыстары қыза түседі. Аймағымыздың қала, аудан, ауыл аймақтарында мектеп жанынан жазғы лагерлер жұмыс істеп жатыр. Михаил Катаев атындағы оқушылар сарайында қос лагерь бар. Бірі тегін, екіншісі ақылы. Кімдер тегін, кімдер ақылы дем алады?

Қаламдағы оқушылар сарайында ашылған жазғы лагерлер өз жұмыстарын 3 маусым күні бастады.  Екі лагердің бірі тегін, екіншісі ақылы. «Балалар әлемі» экспресс лагеріне 200 ге жуық бала демалуда.  Балалар мұнда күнінен үш-төрт сағат уақытын ғана өткізеді. Ал, «Хогварс» демалыс тобы таңғы 9 дан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Ақылы лагердің құны айына 26 мың теңге. Бұл сомаға 3 мезгіл тамақ және күндізгі демалу уақыты кіреді. Екі лагерь үшін де мамандар арнайы бағдарлама әзірлеген.


Әсем Айыпова, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері: 

Мысалы экскурссиялар жарық жұлдыз экскурссиялар ұйымдастырамыз. Балалар планетарияда, астрономияда, күн космосы туралы мультфильмдер тамашалайды. Сонымен қатар олар обсерваторияда телескоппен күннің сәуле жүйесін тамашаласа, ал рухани жаңғыру кабинетінде олар ата-салтымыздың дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа қалған мирас болған дүние. Осы Павлодар өңірінің туған ақын жазушылардың өмірімен танысады.

Жалпы, «Хогварс»  жазғы лагері осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Балалардың көңілінен шыққаны сондай, қызығушылық артқан.  10 жастағы Аңсар Манапов  аталмыш лагерьше биыл алғашқы рет қатысып отыр.


Аңсар Манапов, оқушы:
Маған Хогварс лагері өте ұнайды. Біз әртүрлі үйірмелерге, киноға бассейнге барамыз. Мына лагерь маған өте ұнайды. Мында оқытатын адамдар өте жақсы. Сондай-ақ біз обсерваторияға да бардық.
Оқушылар сарайында лагерлер ауысым арқылы жаз бойы жұмыс істейді. Оқыту мен сауықтыру бағдарламасы да өте қызықты.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар