ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ ЖАЙЫ

10:41, 30 маусым 2020

Облысымызда 1 мен 10 сынып оқушыларының басым бөлігін жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін дәстүрлі және қашықтық өткізу бағдарламасы әзірленді.

Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты балаларды жазғы демалыспен онлайн форматта қамту бойынша жұмыс басталды. Білім беру басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, балалардың бос уақытын қамтамасыз етуге және үй жағдайында жұмыспен қамтылуын үйлестіруге бағытталған қашықтық жобалар кешенін әзірледі.

Гүлтан  Көшеғұлова, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Облысымыздың әр қаласы мен ауданында балаларды демалыспен қамту үшін онлаин форматта өзіндік жобалар қолға алынды. Мысалы, Павлодарда «Онлаин демалыстар», Ақсуда «Онлаин кидс» және т.б. Сонымен қатар, оқушыларды тегін музыкалық аспаптарға ойнауды үйретуге, тақырыпты сабақтар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сағаттары, музейге виртуалды экскурсия ұйымдастырылады.

Басқарманың хабарлауынша, облыстың қосымша білім беру ұйымдары «Демалыс OFF-line «Мектеп жанындағы лагері» облыстық қашықтықтан өткізу жобасы іске асырылуда.

Гүлтан  Көшеғұлова, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Осылайша биыл 105 мыңнан астам оқушы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтылады. Бұл өңірдің 1 мен 10 сынып оқушыларының 99,9 пайызын құрайды.  Жұмысқа 5000-нан аса бала орналасады.

Жобалар маусымның 20-нан жұмысын бастады. Тамыз айының соңына дейін жалғасады деп жоспарланған. Ғаламтор арқылы оқушылар мұғалімдерімен және жетекшілерімен байланыста болады. Бұрын-соңды болмаған жаңа тәжірибе балалардың жазғы демалысын тиімді, пайдалы өткізуге себін тигізеді.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
11:23, 15 шілде 2020
АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар