ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

16:02, 24 маусым 2019

Баянауылда жазғы демалыс маусымы реми түрде ашылды. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегеріліп келген еді. Жазғы демалыстың ашылуымен Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл жағасына бес мыңнан артық демалушы келді. Облыс әкімі Болат Бақауов, демалыс орындарына барып олардың туристер қабылдауға қаншалықты дайын екеніне көз жеткізді. Шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.

Баянауыл демалыс аймағының биылғы келбетінде тың өзгерістер бар. Жасыбайға Павлодар мен Қарағанды жақтан келетін жолдар жөнделген. Жасыбай жағасында жаңадан демалыс үйлері пайда болған. Туризмді дамытуда біраз шаруаның атқарылғаны байқалады. Әйтсе де әлі де күрмеуі шешілмеген мәселе бар. Соңғы жылдары Торайғыр көлі жағасында туризмді дамыту қолға алынғанымен оған жететін жол көңілден шықпай тұр. Торайғыр ауылынын көл жағасына жеткенше демалушылар әбден шаршайды. 

Ерлік Жарболов, кәсіпкер:

Ең бірінші мәселе жол мәселесі. Материал әкелгенде машиналар баллондарын жарып алады да енді біз келмейміз дейді. Соны біз почти өгізбен тасимыз. Жол мәселесі мұнда.  

Жасыбай көліне Торайғыр ауылы арқылы баратын жол салынған, былтыр. Бірақ, салғырт атқарылған жұмысты сапасынан-ақ байқауға болады. Демалыс маусымының басталғаны күні кеше ғана, ал жолдар әлден шұрық тесікке айналған. Әкім кемшіліктерді көзге шұқып көрсетіп берді.

Сабынды көл жағасында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр. Мұнда экстремалды су спорты түрлері қолға алынған. Су бетіндегі шаңғы, гидроскутер, виндсерфингпен серуен салуға болады.

Марат Айдашев, туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы:

Біз бұл жерде су акваториясын ұсынамыз. Сол арқылы шағын және орта бизнесті дамытатын болаиыз. Адамдар өз қайықтарымен де келуге болады. Немесе осы жерден жалға алады. Моторлы қайықтар да бар.

Демалыс орындары аралап шыққан аймақ басшысығы, кемшіліктердің тез арада орнын толтырып туристердің тыныш демалуына барынша жағдай жасауды тапсырды.

Есенбек САНАТҰЛЫ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...