ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАЗДА ҚАЙДА ДЕМАЛАСЫЗ?

17:37, 28 маусым 2020

Жаз мезгілі келгенімен халық жаздың рахатын көріп жатқан жоқ. Ел тұрғындары пандемияның кесірінен шет ел аралап саяхат құра алмай қалды. Тіпті ішкі туризмнің өзі жұмысын әлі бастай қойған жоқ. Ал, павлодарлықтар жазғы демалысын қайда өткізбек?

Короновирус індеті кеңінен тарап, жұқтырғандар саны күн сайын өсіп барады. Ал, көптен күткен жазғы демалысты қайтпекпіз? Енді, халық басқа елге бара алмайды. Тіпті, өз еліміздегі демалыс кешендеріне де аяқ жетпей тұр. Осы ретте, ел тұрғындары биылғы жылғы демалыстарын шекара асып кетпей, жағажайда демалмай, төрт қабырғада өткізе ме? деген ой келеді.  Бұған қала тұрғындары не дейді? Пікірлерін біліп көрдік.  Қала тұрғындарының көпшілігі сақтық шараларын қатаң ұстанып, жазғы демалыстарын үйде өткіземіз дейді. Осы жағдайда, тамылжыған табиғат таза ауа, самал желімен баураған туған жердің төрінде өткізуді жоспарлаған қалалықтар да жоқ емес. Міне, көпшілік халықтың басты мақсаты жақындары мен өздерінің амандығы. Жақындарына жанашырлық тілейтін жандар көп болсын!

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
11:23, 15 шілде 2020
АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар