
Ереже бәріне ортақ. Дегенмен оны елемеген жағдайда өзіңе де өзгеге де қауіп төнуі мүмкін. Мәселен, жыл басынан бері жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншілерге қатысты тиісті хаттама толтырылды. Сонымен, талап бұзғандар қандай жаза арақалайды? Қанша адам жауапқа тартылды?
Павлодарлық тәртіп сақшылар тұрғындарға жолда барынша абай болуды ескеретеді. Дегенмен оны ескермей есіретіндер де баршылық. Полицейлер жыл басынан бері 112 құқық бұзушыны анықтап, хаттама толтырған. Олар жаяу жүргіншілер жолы арқылы белгіленбеген жерде және тыйым салынған бағдаршам белгісінен өтіп, өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Ренат Шарипов, Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі:
Мәселен, 12 қаңтарда ер адам Торайғыров көшесі бойымен автомобиль қозғалысы жиі болатын бөлігі арқылы жүгіріп өтті. Ол өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, жүріп бара жатқан көліктерге де кедергі келтірді. Дәл осындай құқық бұзушылық Академик Сәтбаев көшесінің бойында тіркелді. Ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті. Аталған екі адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 615-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.
Аталған бапқа сәйкес ереже бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде, ал заң бұзушылық тағы қайталанса 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Ал қала тұрғындары жолдан өткенде қорқамыз десе, енді бірі өздері де арасында асығыстықпен тәуекелге барып, тыйым салынған жерден өтетінін айтады.
Гауһар Мұса, тілші:
Адам ұзақ өмір сүруі үшін алдымен оңға содан кейін солға қарау керек. Расында, сақтансаң сақтайды дейді. Осы ретте жолдан өткен кезде аса мұқият болған жөн. Құлаққапты шешіңіз. Мобильді телефонға қарамай, жан-жағыңызға зер салыңыз. Естен шығармаңыз, уақыт қаншалықты тығыз болса да, бағдаршамның жасыл белгісі жанған уақытта ғана жолдан өту керек. Әр кімннің өмірі өз қолында.
Гауһар МҰСА